Иранда жаңа баллистикалық зымыран сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жаңа баллистикалық зымыран сыналды

25.05.2023

Иран «Хорремшехр» баллистикалық зымыранының төртінші түрін жасады. «Хайбар» деп аталатын ракета 2 мың шақырым жерге бір жарым тонналық оқтұмсықты жеткізе алады. Мұны ИРНА агенттігі хабарлап отыр. Ислам Республикасы АҚШ пен Еуропаның қарсылығына қарамастан өзінің зымырандық бағдарламасын дамытып жатыр. Тегеранның мәлімдеуінше, бұндай қару елдің қорғанысын нығайтып, жаудың шабуылын тоқтату үшін қажет.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу