Солтүстік Кореяда алыс қашықтыққа арналған қанатты зымыран сәтті сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда алыс қашықтыққа арналған қанатты зымыран сәтті сыналды

13.09.2021

Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған қанатты зымыранды сәтті сынағанын жариялады. 1500 шақырымға ұшқан ракета Жапонияның көп бөлігіне соққы бере алады.

Кейбір бақылаушылардың ойынша, Пхеньян азық-түлік тапшылығы мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, осы сынақ арқылы қару-жарақты әрі қарай жетілдіре алатынын көрсетіп берді.

«Бұл – ядролық оқтұмсық тасымалдайтын алғашқы ұзақ қашықтыққа арналған қанатты зымыран», - дейді жергілікті сарапшы Анкит Панда.

Тәжірибеден кейін Жапония «айтарлықтай алаңдағанын» білдірсе, АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның әрекетін жіті бақылап отырғандарын хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу