Иран қанатты зымыран жасап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран қанатты зымыран жасап шығарды

25.07.2023

Иран қанатты зымыран жасап, оны көпшілік таныстырды. «Абу Махди» атты қару елдің әскери-теңіз күштері мен Ислам революциясы сақшыларының корпусының арсеналын толықтырды. Бүгін ұшырылған ракетаның қашықтығы мың шақырымнан асады. Кемелерді, фрегаттар мен эсминецтерді жоюға қауқарлы. Ол төмен биіктікте ұшу, радарларға ілікпеу, ұшу жолын жобалауда жасанды интеллектті пайдалануымен ерекшеленеді. Елдің әскери жетекшілігі «Абу Махди» зымыраны дұшпандарды Иран жағалауынан алшақ ұстайды деп мәлімдеді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу