Меккеде үлкен қажылық аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меккеде үлкен қажылық аяқталды

14.08.2019

Меккеде миллиондаған мұсылман соңғы рет намаз оқып, қажылықты аяқтады. Биыл мұнда бірқатар логистикалық қиындықтар мен аймақтағы шиеленістің күшеюіне қарамастан, оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ.

Осы жылы қажылыққа 2,5 миллионнан астам адам жиналды. Солардың көбі – шетелдіктер. Олардың қатарында үш мыңнан астам қазақтандық бар.

Қажылықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 120 мыңнан астам полицей мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге 30 мыңдай дәрігер тартылған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу