Қажылыққа 1,8 миллион адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылыққа 1,8 миллион адам жиналды

08.08.2019

Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылыққа 1,8 миллионнан астам адам жиналды. Қасиетті Қағбаны жеті рет айналып, қажылық жасау үшін шамамен 970 мың ер адам мен 868 мың әйел барған. Бес парыздың бірін орындау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған мұсылмандардың көптігіне байланысты Меккеде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Құзырлы органдардың хабарлауынша, «Қасиетті мешітте» соңғы үлгідегі технология мен қауіпсіздік жүйесі іске қосылған.

Қажылық кезінде күн ыстық болады деген болжам бар. Сондықтан, ғимараттарда қосымша ауа баптағыштар орнатылып, көшелерге су шашылып, келушілер үшін өзге де жағдай жасалып жатыр. Жұма күні басталатын қажылыққа 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.

 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу