Меккеде қажылық қарсаңында парад өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меккеде қажылық қарсаңында парад өтті

25.08.2017

Меккеде қажылық қарсаңында қауіпсіздік күштерінің парады өтті. Оны тақ мұрагері Мохаммед бин Салман және ішкі істер министрі Әбдул Азиз бин Сауд бин Найф тамашалады. Шеру қасиетті қалаға бес парыздың бірін өтеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылмандар жинала бастағанда ұйымдастырылды.

Болжамдарға қарағанда, биыл қажылыққа 2-3 миллиондай адам барады. Корольдік үкіметі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мыңдаған полицей мен жауынгер тартады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу