Сауд Арабиясы Ислам туризмін дамытуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы Ислам туризмін дамытуды жоспарлап отыр

05.09.2017

Сол мақсатта Меккеде «Джабал Омар» деген кешен салынып жатыр. Оның аумағында 40 шақты жаңа мұнара тұрғызылып, әлемдегі ең үлкен қонақ үй бой көтереді. Нысанның үстінде ұшақ қонатын 4 алаң болады. Сонымен қатар, мұнда болашақта мейрамханалар мен өзге де қонақ үйлер, сауда орталықтары жұмыс істейді.

Сауд Арабиясы мұнайға тәуелділіктен құтылу үшін былтыр экономиканы әртараптандыруға кірісті. Дәл сол реформа аясында Ислам туризмі де дамып, бюджетке мол қаражат түседі деген болжам бар. Айта кетсек, бұл корольдік қажылық пен шағын қажылықтан немесе умрадан жылына 12 миллиард доллар пайда тауып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу