Биыл қасиетті Рамазан айы 27-ші мамырда басталады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қасиетті Рамазан айы 27-ші мамырда басталады (ВИДЕО)

21.05.2017

Санаулы күндерден соң барша мұсылман халқы ауыз  бекітіп, Ораза ұстайды. Рамазан - жылына бір келетін қасиетті де берекелі ай. Биыл мұсылман қауымдастығының бекітуі бойынша Рамазан айы 29 күнді құрайды.

622 жылдан бері Араб елдерінен бастау алған қасиетті Рамазан айы елімізде мамырдың 27-ші жұлдызында таң намазы уақыты кіргеннен басталады. 1400 жылға жуық тарихы бар Рамазан айында ауыз бекітіп, қайырлы істерімен ерекшеленген адамға кіші қажылық умраға, тіпті, ғибадаттары мен амалдарына қарай үлкен қажылық Мекке, Мединеде парызын өтегендермен бірдей сауап жазылады. 

Шариғат жолы бойынша ауыз бекітудің де белгілі бір ережелері бар. Қажылық сапардың және айлардың ең қайырлысы мен уақыттың қадірін түсінетін киелі айда барша мұсылман қауымы өздеріне сауап жинауға асығады. Себебі, бұл айда мұсылман баласына керектінің бәрімен 83 жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар.

Хабарламаларға жазылу