Сауд Арабиясы қажылық құнын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы қажылық құнын жариялады

09.08.2014
Сауд Арабиясы қажылық құнын жариялады

Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі 2014 қажылық маусымының бағасын жариялады.

Құзыретті орынның шешімімен осы жылғы қажылық бағасы қызмет көрсету және өзге де өлшемдерге байланысты 2500-5000 сауд риалымен белгіленді.

«Arabian Business» басылымының хабарлауынша, осы бағытта жұмыс істеу құқығына ие 62 қажылық компаниясы қажылыққа келушілерге ең төменгі бағада қызмет көрсету туралы тапсырма алды. 

Айта  кетейік, өткен жылы Сауд билігі қажылық компанияларының қызмет көрсету бағаларының нарықтағы құнының қолжетімді болуы үшін компаниялардың ішкі баға саясатына белсенді түрде араласқан болатын.

muftyat.kz

Хабарламаларға жазылу