Иракта қарулы шабуылдан Түркия дипломаты қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта қарулы шабуылдан Түркия дипломаты қаза тапты

18.07.2019

Сонымен қатар, Ирактың бір азаматы мерт болып, тағы біреуі жараланды. Оқиға елдегі Күрдістан астанасы атанған Эрбиль қаласында болды.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, белгісіз біреулер түрік дипломаттары отырған мейрамханаға шабуыл жасап, оқ жаудырған. Түркия сыртқы істер министрлігі бір мәмілегердің қаза тапқанын растады.

Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алмады. Күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Дегенмен, Түркия билігі бұған Күрдістан жұмыс партиясын (КЖП) айыптап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу