Триполиде қарулы топтар қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Триполиде қарулы топтар қақтығысты

16.01.2018

Ливия астанасы Триполиде бір-бірімен жауласқан қарулы топтар қақтығысып, кемінде 20 адам қаза тапты. Жанжал салдарынан Митига әуежайы жабылып, ішкі-сыртқы рейстер доғарылып, терминалдар босап қалды. Артиллериялық шабуылдан авиациялық порт маңында тұрған «Аэробус» ұшағы зақымданып, оның төбесінде тесік пайда болды. Сонымен қатар, тағы екі лайнер зардап шеккен.

Бір қарулы топ өз адамдарын әуежай маңындағы түрмеден күшпен шығарып алуға әрекеттеніпті. Алайда, халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметпен одақтас өзге қарулы ұйым қарсылық көрсеткенде, екі жақ арасында атыс басталып кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу