Тайландта қарулы шабуылдан 29 адам қаза тапты

10.02.2020

Тайландта жауынгер атқан оқтан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. Сарбаздың шабуылынан Накхон Ратчасима провинциясында 29 адам қаза тауып, 57-сі жараланды. 

Құрбандарды еске алуға жиналған мыңдаған тұрғын шырақ жағып, мемориалға гүл шоқтарын қойды, дұға оқыды. Әскери қызметкердің мұндай жауыздыққа неліктен барғаны қазір тергеліп жатыр.

Ол армия бөлімшесінен ұрлап алып шыққан автоматпен сенбі күні ең алдымен үйде, содан кейін қарулы күштер базасы мен сауда орталығында оқ жаудырған. Қауіпсіздік күштері Джакрапант Томма есімді шабуылшыны жексенбі күні таңертең осы орталықтың жертөлесінде атып, мерт қылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу