Түркияның Сириядағы әскери операциясы жалғасуда

10.10.2019

Сирияның солтүстігінде Түркия бастаған әскери операция екінші күнге ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 8 адам қаза тапты. Солардың бесеуі – бейбіт тұрғын. Қалғандары – күрд содырлары. Тағы ондаған сириялық жараланған.

Түркия әскері күрд отрядтарының 181 позициясына соққы берді. Шабуылға ұшақтар мен артиллерия қолданылып жатыр. 

Анкара араб республикасының теріскейін қарулы топтардан босатып, ол территорияға Түркиядан миллиондаған босқынды қайтармақ. Және Түркия үкіметі Сирияның солтүстігінен күрдтерді аластатқысы келеді. 

Болжамдарға қарағанда, бұл әскер науқан нәтижесінде аймақтағы жанжал тіпті өршіп, түрмелерден «Даиштың» мыңдаған мүшесі қашып кетуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу