Қарулы топ Израиль аумағынан әлі толықтай шығарылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы топ Израиль аумағынан әлі толықтай шығарылған жоқ

09.10.2023

Израиль әскерилері мен Хамас мүшелері арасында текетірес жалғасып жатыр. Қарулы топ Израиль аумағынан әлі толықтай шығарылған жоқ. Бұған қоса, тараптар біріне-бірі әуеден соққы беріп жатыр. Израиль Газа секторында құрлық операциясына дайындықты бастады. Елдің оңтүстігіне әскер, танктер шоғырландырылған. Резертегі 300 мыңдай адам әскерге шақырылды. Сенбіде басталған шабуылдан Израильде 700-ден аса адам мерт болып, 2 мыңнан астам адам жараланды. Ал Израильдің әуе соққысынан Газа секторында 560 адам қаза тапты. 2900 палестиналық жараланған. 123 мың адам босқынға айналды. Бұған қоса, Израиль Газа секторын блокадаға алып, электр қуаты, азық-түлік, отын кіргізу мен су беруді тоқтатты. Рейтер агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп, Хамас бұл шабуылға екі жыл бойы дайындалды деп хабарлады. Ал Израиль әскери барлау қызметі мен Қауіпсіздік қызметі аталған қарулы топтың бұл жоспарын неліктен әшкерелей алмады деген сұрақ туындап отыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу