Таиландта су тасқынының салдарынан жүздеген адам эвакуацияланды
Таиландта «Мун» тропикалық дауылынан су тасқыны басталып, жүздеген адам эвакуацияланды. Нөсер жауыннан теңіз арнасынан тасып, 4 метрлік бөгет бұзылған. Соның салдарынан жақын маңдағы үйлер зардап шекті. Тұрғындардың айтуынша, небәрі бес минут ішінде су белуардан келетін деңгейге көтеріліпті. Сондықтан адамдарды құтқару үшін қайық пен арнайы техника қолдануға тура келді.
Бұған дейін «Мун» Қытайдың оңтүстік аймақтарына да соққы беріп, онда төтенше жағдай жарияланды. Күшті жел мен нөсер жауыннан жолдар жабылып, 30-дан астам әуе рейсі доғарылған. Сағатына 14 шақырым жылдамдықпен жылжып бара жатқан дауыл енді Вьетнамға да қауіп төндіріп тұр.![]()
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулықтардың басым бөлігі өз таңдауын жасады
23.08.2026, 17:22
Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
23.08.2026, 16:16
Құрылтай сайлауы: Дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдау жасады
23.08.2026, 16:15
Түркияда дауыс берушілер белсенді
23.08.2026, 16:13
Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ
23.08.2026, 16:13
Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі
23.08.2026, 16:12
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Өзекті тақырыптар талқыланып жатыр
23.08.2026, 16:11
ТМД ПА миссиясы: Дауыс беруге бар жағдай жасалған
23.08.2026, 16:10