ТМД ПА миссиясы: Дауыс беруге бар жағдай жасалған
ТМД парламентаралық ассамблеясынан құрылтай сайлауын байқауға 69 өкіл қатысып жатыр. Миссия мүшелері шараның өту барысына қатысты Халықаралық байқаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне қолғабыс көрсету орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Олар барлық партиялармен кездескенін, басқосу жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді. Сонымен бірге миссия таңертеңнен бері 14 сайлау учаскесіне барған. Дауыс беруге егде жастағы азаматтармен бірге жастар да белсенді қатысып жатқаны айтылды. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Байқаушылар дауыс беру учаскелеріндегі жылы атмосфера да ерекше әсер еткенін атап өтті.
Казбек Тайсаев, халықаралық байқаушы:
Бірнеше учаскеде болдық. Бірде бір заңбұзушылық тіркелген жоқ. Орталық сайлау комиссиясының жұмысын ерекше атап өткіміз келеді. Өте кәсіби команда. Сонымен бірге халықтың еркін дауыс беруіне жағдай жасалған. Адамдар жақсы оң өзгерістерді күтеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15