Басты Жаңалықтар Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі

Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі

Шығыстағы Риддер қаласындағы «Шаңырақ» гимназиясының құрылысы аяқталды. Жаңа мектеп қыркүйектің бірінде ашылады. Бұл кеншілер шаһарында мемлекеттік тілде білім беретін жалғыз орта оқу орны. Ол ең алғаш 1991 жылы жексенбілік мектеп болып ашылды. Ал 2001-жылы толық орта мектеп болды. 2023-жылы негізгі нысан апатты деп танылып 600 оқушы қаладағы нөмірі 11-орыс мектебімен бір ғимаратта оқыды. Дегенмен 2 жыл бұрын өңірдегі ірі өндірістің бірі демеушілік жасап «Шаңырақ» мектебіне жаңа мектеп салуды бастаған. Осы жазда жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Соңғы үлгіде салынған мектепке қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілді. Бұған дейін қаланың әр мектебіне баласын тасымалдап келген ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

Нұрлан Тіленбаев, Риддер қаласының тұрғыны:

Егемендігімізді алғаннан бері аңсаған қазақ мектебіміздің іргетасы қаланып биыл міне, есігін айқара ашқалы тұр. Бұл біз үшін ата-аналар үшін үлкен қуаныш.  


Бөлісу