Италияның Лампедуза портында мигрант-жолаушылар мінген кеме тәркіленіп, оның капитаны тұтқындалуы мүмкін. Бұл туралы елдің вице-премьері Маттео Сальвини мәлімдеді.
Айта кетсек, екі апта бұрын Sea-Watch кемесі Ливия жағалауынан 53 мигрантты құтқарып, оларды Италияда қалдырып кетпек болған. Дегенмен, Рим оған ел аумағына кіруге тыйым салды. Соның салдарынан су көлігі теңізде екі күн рұқсат күтуге мәжбүр.
Ал кеме капитаны, егер босқындарды мемлекет аумағына өткізсе, 50 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін. Сондықтан, Сальвини Нидерландыға тиесілі Sea-Watch-ты еліне жөнелтуді ұсынды. Дегенмен, Голландия билігі борттағы адамдар үшін жауап бермейтінін айтып, мигранттарды қабылдаудан бас тартып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ