Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
Елімізде алғаш рет үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында сайлау учаскелері ашылды. Қазір Қарағанды облысында дәл осындай 4 учаске жұмыс істеп тұр. Бұл жайлы өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлынан толығырақ білсек. Жандос, жаңашылдықтың артықшылығы қандай?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Азаматтардың сайлауға қатысуы – олардың ең маңызды конституциялық құқықтарының бірі. Сондықтан сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес, биыл үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында сайлау учаскелерін құру мүмкіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Осының арқасында жұмысшылар ешқандай қиындықсыз кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ өз таңдауларын жасай алады. Біз қазір Теміртау қаласындағы «Qarmet» өндірістік объектілері базасында құрылған №641 сайлау учаскесіндеміз. Мұнда дәл қазір қаңылтыр қақтау цехының 2 мыңға жуық жұмысшысы кезек-кезегімен дауыс беріп жатыр. Мұндай ерекше учаске Теміртаудан бөлек, Балқаш қаласында да бар. Онымен қоса, Нұра ауданында орналасқан вахталық кентте де осындай сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06