Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
Павлодар облысында 503 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Электораттың басым бөлігі қалалық жерлерде тұрады. Ал, 21% яғни 106 мың 242 адам ауылдық округтерден. Белсенділік тұрғысынан сараптағанда осы өңірдің ауыл халқы таңдау жасауға ерекше жауапкершілікпен қарайды екен. Көбі отбасыларымен бірден келіп дауыс берген. Ақтоғай ауылында тұратын Кенжебаевтар белсенді әулеттің бірі. Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары бүгін тайлы-тұяғы қалмай бір мезгілде келіп таңдау жасады.
Бектемір Кенжебаев, Ақтоғай ауылының тұрғыны:
Отбасы қоғамның негізі. Елдің болашағы үшін Қазақстанның әр азаматы өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Бей-жай қарамай жауапкершілікті сезіне білу керек. Сондықтан отбасымызбен бәрісіз келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бергелі отырмыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14