Испанияда аптап ыстықтан 3600 гектар аумақты өрт шалды
Испанияда аптап ыстықтан орман өрті тұтанып, 3600 гектар алқап жанып кетті. Оқиға Каталониядағы Таррагона ауданында болды. Табиғи апатпен күреске 260 өрт сөндіруші, 60 машина, 15 ұшақ жұмылдырылған. Ал, орманға жақын фермалардан 26 адам эвакуацияланды. Дегенмен, шаруа қожалықтарындағы малдарды құтқару мүмкін болмай, ондаған қой мен жылқы қырылып қалды.
Мамандар шыжыған күн тілсіз жауды ауыздықтауға кедергі келтіріп отыр дейді. Синоптиктердің хабарлауынша, ауа температурасы әлі бір аптадай жоғары болады. Сондықтан, 20 мың гектар жерге өрт қаупі төніп тұр.
Айта кетсек, Еуропаның бірнеше елінде күн 40 гардусқа дейін ысып, рекордтық көрсеткішке жеткен.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:09
Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
23.08.2026, 18:07
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:05
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:00
Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
23.08.2026, 17:00