Мәскеуде халықаралық әскери форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде халықаралық әскери форум өтіп жатыр

25.06.2019

Бүгін Мәскеу облысында «Армия -2019» деп аталатын халықаралық әскери-техникалық форум басталды. 5 күн бойы өтетін жиынға әлемнің жүзден аса мемлекеті қатысып жатыр. Форумда әскери техникалардың көрмесі өтіп, қорғаныс саласына қатысты түрлі мәселелер талқыланады.

 

Нұртас Солтанұлы, тілші:

 

«Армия-2019» халықаралық әскери-техникалық форумы биыл 5-ші рет өтіп жатыр. Оған әлемнің 120 мемлекетінен келген делегация өкілдері қатысып жатыр. Олардың арасында, әлбетте, Қазақстан да бар. Алайда біздің еліміз тек қатысушы ретінде ғана емес, өзінің ұлттық павильонын ала келген 10 мемлекеттің бірі. Яғни, біздің ұлттық павильонда Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындары өздерінің өнімдерін қойып, шетелдік әріптестерімен келіссөз жүргізіп жатыр. 

 

Талғат Жанжүменов, Қазақстандық делегацияның жетекшісі:

 

Біздің дүниежүзіне көрсететін тауарлардың саны өте көп. Олар брондалған техника, авиация, тікұшақтардың жөндеуі, брондалған желеттер, аккумуляторлар бар. Жалпы алғанда, 50 шақты тауарды алып келдік.

 

Нұртас Солтанұлы, тілші:

 

Бұл форумға әлемнің түкпір-түкпірінен келген қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың басшылары, әскерилер және сарапшы мамандар қатысып жатыр. Олар 170-ке тарта түрлі дөңгелек үстелдер мен панелдік отырыстар өткізіп, бірнеше күн бойы қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққауіпсіздік мәселелерін және жаңа технологияларды дамыту жайын талқылайды. Бұл жерде жалпы, осындай жабық павильондардан бөлек, ашық аспан астында да әскери техникалардың үлкен көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде Кеңес Одағы кезінде ескі техникадан бастап, заманауи әскери техникалар да көрсетіледі. Бұл форумға 1 миллионнан артық адам келіп, оны тамашалайды деген жоспар бар. Себебі, шара алдағы 5 күн бойы өтеді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу