Бангладеште пойыз апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Тағы 100 шақтысы жараланып, ауруханаға жеткізілді. Силхет қаласынан Даккаға бағыт алған теміржол көлігі көпірден өтіп бара жатып, рельстен тайған. Соның салдарынан алты вагонның біреуі аударылып, екеуі суға құлады. Куәгерлердің айтуынша, оларда адам лық толы болған. Сондықтан, полиция зардап шеккендердің саны өсуі мүмкін дейді.
Қазір апат себебі анықталып жатыр. Мамандардың дерегінше, ақау темір жолдан да, көлік дөңгелектерінен де болуы ықтимал. Болжамға сәйкес, пойыз рұқсат етілген жылдамдықты асырған.
Оқиғадан кейін, Силхет пен басқа аудандарды байланыстыратын теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:09
Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
23.08.2026, 18:07
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:05
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00
Сайлауға сән берген ерекше оқиғалар
23.08.2026, 17:00
Онлайн марафонға танымал спортшылар келді
23.08.2026, 17:00