Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуы еліміздің жаһандық көшке ілесуіне мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Ұлттық технологияны дамыту агенттігі зор үлес қосып келеді. Ұлттық агенттіктің дәнекер болуымен Алматы желдеткіш зауыты алпауыт кәсіпорынға айналды.
Алматы желдеткіш зауытының өнімдері ел нарығына 2008 жылдан шығарыла бастаған. Басында шағын гаражда вентилятор жөндеуден басталған жұмыс мемлекеттік қолдаудың арқасында үлкен жетістіктерге жетті.
Қазіргі уақытта кәсіпорын 100-ден астам түрлі желдету жүйесінің құрылғыларын, оның ішінде желдеткіш қораптарын, ауаны жылытып-суытуды қамтамасыз ететін құрылғыларды, отқа қарсы қақпақтар мен желдеткіш жүйесіне қажет қосалқы бөлшектерді дайындайды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ