АҚШ-та елді мекендерді алапат тасқын жайлап, талай жолды және бір әуежайды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та елді мекендерді алапат тасқын жайлап, талай жолды және бір әуежайды су басты

04.06.2019

Көптеген үйлер мен кәсіпорындарды, фермалар мен егістік алқаптарын да топан жайлаған. Тасқынға бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр мен қайта-қайта соққан торнадолар себепші. Осыған ұқсас жағдай Арканзас, Луизияна, Иллинойс, Оклахома штаттарында да қалыптасып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, су апатынан Құрама Штаттардың орталық-батыс аймақтарында 16 адам қаза тапты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу