Испанияның солтүстігін топан су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның солтүстігін топан су басты

13.12.2021

Испанияның солтүстігіндегі Наварре провинциясын алапат тасқын жайлап жатыр. Сондықтан мұндағы қалалар мен елдімекендердің көшелері өзенге айналып, талай үй мен көлік суға кеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан екі адам қаза тапты.

Топанның басталуына төпелеп жауған жаңбыр себепші. Зардап шеккен елді мекендерге көмекке жүздеген сарбаз бен арнайы техника жөнелтілген.

Айта кетсек, нөсер жаңбыр корольдіктің теріскейіне «Барра» дауылымен бірге жетті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу