Испанияда күшті нөсер соңы алапат су тасқынына ұласты
Испанияда күшті нөсер соңы алапат су тасқынына ұласты. Елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жолдарды топан су жайлап, көшелер өзенге айналған. Темір жол қатынасы да үзілді. Ал, тұрғындардың мүліктерін су шайып әкеткен. Билік өкілдері тасқын кезінде жоғалған заттардың қауіпті бактериялармен ластанғанын айтып, оларды қайта пайдаланбауға кеңес беріп отыр.
Жаңбырдан бөлек кейбір аудандарда бұршақ жауған. Жүзім, құрма және цитрус алқаптары зақымданды. Алдын ала мәліметтерге сай, табиғи апаттан шаруаларға 8 млн еуродай шығын келген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи құнды жәдігер табылды
11.06.2026, 10:25
Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
11.06.2026, 10:22
Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді
11.06.2026, 10:20
Жыл басынан бері 475 адамды кене шаққан
11.06.2026, 10:18
Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам шеруге шықты
11.06.2026, 10:17
Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
11.06.2026, 10:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
11.06.2026, 10:14
Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
11.06.2026, 10:11