Австралияда алапат тасқын кезінде 10 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда алапат тасқын кезінде 10 адам жоғалып кетті

23.02.2022

Австралияның шығыс жағалауында алапат тасқын кезінде 1 әйел қаза тауып, тағы 10 шақты тұрғын жоғалып кетті. «Би-би-си» телерадиокорпорациясының хабарлауынша, соңғы 24 сағатта 400 миллиметр жауын түсіп, бірнеше штат халқына абай болу ескертілген. Жаңбыр салдарынан кейбір аудандарда су деңгейі 1 жарым метрге дейін көтеріліп, талай көлік суға кетті.

Елдің Метеоролоргиялық бюросы хабарлағандай, Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарында алдағы түні ауа-райы қайта бұзылып, елді мекендерді тағы да топан жайлауы мүмкін.

Елдің солтүстігіне қалың қар түсіп, 1100 пойыз тоқтады

Жапония болса, бораннан зардап шекті. Елдің солтүстігінде соңғы екі күнде қалың қар жауды. Нигата префектурасында оның биіктігі екі метрге жетіп, талай машина көміліп қалған.

Нигатадан бөлек, Хоккайдо және басқа аймақтар да қар құрсауында. Ал, Саппоро теміржол вокзалында шамамен 1100 пойыз тоқтатылып, 150 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Сонымен қатар, мұнда әуежай уақытша жабылды. Ал, Хоккайдо аралында барлығы 202 рейс доғарылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу