Ұлыбританияда нөсер жаңбырдан қалаларды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда нөсер жаңбырдан қалаларды су басты

28.10.2019

Ұлыбританияда демалыс күндері үш аптаның жаңбыры жауып, қалалар мен елді мекендерді су басты. Көптеген автомобиль өзенге айналған көшелерде қалып, оларды қауіпсіз жерге эвакуациялауға құтқарушылар бригадалары жіберілген. 

Корольдіктің Қоршаған орта агенттігінің мәлімдеуінше, соңғы тәулікте тасқыннан төнген қауіп жайлы 123 мәрте дабыл қағылды. Жаңбыр тоқтамаса, бүгін де өзендер арнасынан асып, тағы талай ауданды алапат топан жайлауы мүмкін. 

Су апаты қазір Шотландияның солтүстігі мен Англияның шығысына айтарлықтай қатер төндіріп тұр. Сол себепті жергілікті билік тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескерткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу