Чилидің Пуэрто-Монт қаласында ұшақ үйге құлап, 6 адам мерт болды
Чилидің Пуэрто-Монт қаласында ұшақ тұрғын үйге құлап, кемінде 6 адам мерт болды. Олардың бесеуі - жолаушылар, біреуі - ұшқыш. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, коммерциялық әуе рейстерін орындайтын шағын ұшақ 2 шақырым жердегі «Ла Палома» әуежайынан ұшқан.
Дегенмен, оның аспанға көтерілген соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Ал әуе кемесі құлап, өртке оранған үйде абырой болғанда ешкім тұрмаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, тергеушілер апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулықтардың басым бөлігі өз таңдауын жасады
23.08.2026, 17:22
Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
23.08.2026, 16:16
Құрылтай сайлауы: Дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдау жасады
23.08.2026, 16:15
Түркияда дауыс берушілер белсенді
23.08.2026, 16:13
Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ
23.08.2026, 16:13
Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі
23.08.2026, 16:12
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Өзекті тақырыптар талқыланып жатыр
23.08.2026, 16:11
ТМД ПА миссиясы: Дауыс беруге бар жағдай жасалған
23.08.2026, 16:10