Volkswagen автоконцернінің бұрынғы басшысы Мартин Винтеркорнға айып тағылды
Германияда Volkswagen автоконцернінің бұрынғы басшысы Мартин Винтеркорн дизельдік дау-дамайға қатысты айыпталып отыр. Тергеуге компанияның 4 топ-менеджері де тартылды. Брауншвейг қаласының прокуратурасы оларға алаяқтыққа барды, монополияға қарсы заңды бұзды деген кінә тағып отыр.
Әділет органдарының мәлімдеуінше, Винтеркорн 2014 жылы Volkswagen автокөліктерінің бағдарламалық жабдығының ондаған миллион еуроға ауыстырылғанын білген. Айта кетсек, бұл жабдық дизельдік көліктерден шығатын улы газдың көлемін шын мәнінен азайтып көрсету үшін орнатылған. Осынау қулықтың беті 2015 жылы ашылып, сол кезде компания төңірегінде үлкен дау басталды. Оған қатысты тағы 36 адам тергеліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулықтардың басым бөлігі өз таңдауын жасады
23.08.2026, 17:22
Сайлау учаскелеріндегі Exit Poll жұмысы жалғасуда
23.08.2026, 16:16
Құрылтай сайлауы: Дауыс берушілердің жартысынан көбі таңдау жасады
23.08.2026, 16:15
Түркияда дауыс берушілер белсенді
23.08.2026, 16:13
Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ
23.08.2026, 16:13
Риддерде жаңа қазақ мектебі пайдалануға беріледі
23.08.2026, 16:12
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Өзекті тақырыптар талқыланып жатыр
23.08.2026, 16:11
ТМД ПА миссиясы: Дауыс беруге бар жағдай жасалған
23.08.2026, 16:10