Иран теңіздегі әскери жаттығу кезінде сүңгуір қайықтан қанатты зымыранды сәтті ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран теңіздегі әскери жаттығу кезінде сүңгуір қайықтан қанатты зымыранды сәтті ұшырды

25.02.2019

Бұл маневр Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазында өткен. Тегеран осыған дейін АҚШ дұшпандық әрекетке барса, Ормұзда мұнай өтетін жолды жабатынын ескерткен-ді.

Иран мұндай қадамға елдің энергетикалық шикізаты Американың санкциялары кесірінен сыртқы нарыққа шыға алмай қалғанда бармақ. Тағы бір айта кететін жайт, Иранның ракеталық бағдарламасы Құрама Штаттар мен Еуропа елдерін көптен бері алаңдатып келеді. Алайда, Ислам Республикасы мұндай арсеналдың ел қорғанысына қажеттігін алға тартып келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу