Аргентинада жоғалған сүңгуір қайықтан сигнал түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада жоғалған сүңгуір қайықтан сигнал түсті

20.11.2017

Аргентинада жоғалып кеткен сүңгуір қайықтан бірнеше сигнал түсті. Мұны жергілікті әскери-теңіз күштерінің өкілі хабарлады. Оның бортында 44 адам бар.

Сан-Хуан қайығының экипаж мүшелерімен хабарласу әзірге мүмкін болмай отыр. Соңғы мәліметтер бойынша әскери-теңіз базаларына спутниктен 36 секундтық түрлі дабылдар келген. Қазір субмарина Атлантикада іздестіріліп жатыр.

Сүңгуір қайық сәрсенбі күні әскери жаттығулар кезінде Ушуайя портынан шығып, Мар-дель-Плата қаласына бара жатқан жолда жоғалды. Апатқа дейін оның жағалаудан 432 шақырым қашықтықта жүргені анықталды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу