Солтүстік Корея бір күнде 4 зымыранды сынақтан өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея бір күнде 4 зымыранды сынақтан өткізді

24.02.2023

Солтүстік Корея бір күнде қанатты 4 зымыранды сынақтан өткізді. Мұны «Рейтер» агенттігі осы елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап, хабарлады. «Хвасал -2» ракеталары 10 мыңнан аса секундта 2 мың шақырымды жүріп өткеннен кейін нысанаға тиген. Бұл сынақты Жапония мен Оңтүстік Корея байқамай қалса керек. Апта басында Пхеньян кемінде 3 баллистикалық зымыранды сынады. Бұл АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығуларына қарсы бағытталған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу