Басты Жаңалықтар Түркияда инфляциямен күрес мақсатында арзан көкөніс сататын сауда сөрелері ашылып жатыр

Түркияда инфляциямен күрес мақсатында арзан көкөніс сататын сауда сөрелері ашылып жатыр

Стамбул мен Анкарада осындай ондаған мекеме жұмыс істей бастаған. Олар алдағы 2,5 ай бойы тұтынушыларға азық-түлікті жарты бағасына беруге тиіс. Түркия Статистика институтының мәліметінше, елде жылдық инфляция деңгейі 20,35 пайызға жеткен. Ал, азық-түлік құны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 31 пайызға өсіпті.

Президент Реджеп Тайып Ердоған қымбатшылық үшін делдалдарды айыптап, оларды террористерге теңеп, жауапқа тартатынын ескертті. Бірақ оппозицияның сөзіне сенсек, Түркия үкіметі наурыздың 31-де өтетін жергілікті сайлау алдында ұпай жинау үшін арзан тауар сөрелерін ашып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу