АҚШ-тың жаңа тағайындалған Қорғаныс министрі Патрик Шанахан Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, ауған үкіметінің «Талибан» қозғалысымен келіссөз жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Пентагон басшысы Құрама Штаттардың осы аймақта қауіпсіздік мүддесі бар екенін айтып, Американың Ауғанстандағы 14 мыңға жуық әскерінің санын қысқарту туралы әлі нұсқау алмағанын мәлімдеді. Ал, Ғани үкіметі АҚШ контингенті елден дереу кетсе, аймақты бей-берекетсіздік жайлайды деп қауіптеніп отыр.
Ауғанстанда «Талибан» билігі 17 жылдан астам уақыт бұрын құлатылды. Алайда, соғыс әлі жалғасып жатыр. Бірқатар зерттеулерге қарағанда, содан бері тәліптер қайта күш алып, ел аумағының жартысына жуығын қайта басып алған. Айта кетсек, «Талибан» Батысқа арқа сүйеген үкіметті құлатып, Ауғанстанда шариғаттық мемлекет құруға күш салып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.