Қазақы тазылардың көрмесі өтті
Алматыда қазақы тазыға арналған монотұқымдық көрме мен Қазақстан кинологтар одағының кубогы өтті.
Екі күнге созылған шараға еліміздің әр өңірінен ит өсірушілер мен тазы иелері жиналды. Мамандар ұлттық тұқымның ерекшеліктерін бағалап, үздіктерін анықтады. Көрмені ұлттық және халықаралық санаттағы сарапшылар бағалады. Мұндай шаралар қазақы тазының тұқымдық сапасын сақтауға, оны кеңінен танытуға бағытталған. Қазақы тазы – халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, - дейді ұйымдастырушылар.
Іңкәр Болысбай, Қазақстан кинологтар одағының жауапты хатшысы:
Бүгінгі шарада бізде Қазақстан кинологтар одағының кубогына 130-дан аса қатысушылар қатысып жатыр. Ал монотұқымдық көрмеге 50-ден астам тазылар келді. Және тұқымдық байқауға да 50 шақты иттер тіркелді. Олар біздің екі эксперт маманның сарабынан өтіп, келешекте шығу тегі туралы куәлігін ала алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы