«Қазақстан объектив көзімен» көрмесі өтті
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай еліміздің Грекиядағы Елшілігі «Қазақстан объектив көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырды. Оған Қазақстанның көрікті жерлері мен тарихи мекендерінің суреттері қойылған. Шетелдіктер экспозияциядан елдің өткені мен заманауи дамуы жайлы мол мағлұмат алды. Елші Тимур Сұлтанғожин жиналғандарға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен елді жаңғыртуға арналған ауқымды реформалар жайлы баяндады. Көрмеге жиналғандар қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Әуесқой музыканттардың орындауындағы шағын концертті тамашалады.
Иоаннис Маронитис, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Еуропалық және Солтүстік Америкалық федерациясының президенті:
Мен Қазақстанды жақсы көремін. Елдеріңізге бірнеше рет сапарладым. Бүгін суреттерден ғажап елдеріңіздің әсемдігін көргеніме қуаныштымын. Байтақ елдің бар байлығы бірегей көрмеде паш етілді. Келесі жылы Қазақстанға тағы да баруды жоспарлап отырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы