Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресеймен бейбіт келіссөздерді жалғастырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресеймен бейбіт келіссөздерді жалғастырмақ

07.02.2019

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресеймен бейбіт келісім жасау жолындағы келіссөздерді үдетуге уәде берді.

Айта кетсек, бұл мәселеге қатысты диалогтар қазір тұралап тұр. «Келіссөздерді әрі қарай жалғастырып, ең алдымен территориялық проблеманы шешуге тиіспіз»,-дейді жапон үкіметінің жетекшісі.

Екі мемлекет арасындағы даулы жерлерді Мәскеу Куриль аралдары, ал Токио Солтүстік территориялар деп атайды. Бұл аралдарды Кеңес әскері ІІ Дүниежүзілік соғыстың соңғы күндері басып алды. Алайда, олар қайтарылмағандықтан, Жапония мен Ресей соғысты аяқтау туралы бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қоймай отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу