Ресейде Иегова куәгері лаңкестік әрекеті үшін 6 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Иегова куәгері лаңкестік әрекеті үшін 6 жылға сотталды

06.02.2019

Ресей соты Иегова куәгері Денис Кристенсенді экстремизм үшін кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Дания азаматы Ресейге 2000 жылы көшіп барған екен. Содан бері ол Иегова куәгерлерінің қызметіне тыйым салынғанын біле тұра, осы ұйымды іс-жүзінде басқарып келген.

Кристенсен – Ресейде экстремизм үшін тұтқындалған алғашқы Иегова куәгері. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Осы уақытқа дейін Ресейде Иегова куәгерлеріне қатысты жүзден артық қылмыстық іс қозғалған екен. Олардан тәркіленген кейбір кітаптар экстремизмді насихаттайтын әдебиеттер тізіміне енгізіліпті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу