Басты Жаңалықтар Италияда 43 адамның өмірін қиған Генуя көпірі қалпына келтіріледі

Италияда 43 адамның өмірін қиған Генуя көпірі қалпына келтіріледі

Италияда көпірдің опырылып түсейін деп тұрған бөліктерін алып тастау жұмыстары жұма күні басталады. Естеріңізге сала кетсек, бұл жолдың 200 метрлік секциясы былтыр тамыздың 14-де құлап, 43 адам қаза тапты. Сол апат кезінде көліктер мен қоқыстар 50 метр биіктіктен жерге түскен екен. Оларды тазартып, көпірді қайта салуға 15 айдай уақыт мен жүздеген миллион еуро қаражат кетуі мүмкін. Ал, жақын маңдағы үйлердің 600-дей тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.

Айта кетсек, «Моранди» көпірі порттық қала Генуяны Францияның оңтүстігімен  жалғастырып, Италия экономикасының өсіміне айтарлықтай үлес қосты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу