Басты Жаңалықтар Италия экономикасы 0,2 пайызға қысқарып, рецессия басталды

Италия экономикасы 0,2 пайызға қысқарып, рецессия басталды

Италияда экономика екі тоқсан қатарынан қысқарып, рецессия басталды. Елдің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың үшінші кварталында Италияның жалпы ішкі өнімі 0,1 пайызға, ал, қазан-желтоқсан айларында 0,2 пайызға азайған.

Сыншылардың сөзінше, Еуропаның үшінші экономикасының әлсіреуіне Италияда былтыр маусымда билікке келген жаңа коалициялық үкімет кінәлі. Өйткені, сол кабинет Брюссельмен қаржылық саясат үшін дауласып, ел нарығына сенімді жоғалтып алған. Алайда, премьер-министр Джузеппе Конте кеңсесінің мәлімдеуінше, экономканың кері кетуіне Италияның негізгі сауда серіктестері – Қытай мен Германияда өндірістік өсімнің баяулауы себепші.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу