Қытайдың «Чанъэ-4» пилотсыз станциясы Айдың көлеңкелі жағына сәтті қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың «Чанъэ-4» пилотсыз станциясы Айдың көлеңкелі жағына сәтті қонды

03.01.2019

Қытайдың «Чанъэ-4» пилотсыз станциясы Айдың көлеңкелі жағына немесе оңтүстік полюсіне сәтті қонды. Бұл - Айдың осы бетіне табан тіреген алғашқы ғарыш аппараты. Станцияның бортында барған жерін барлайтын, геологиялық және астрофизикалық тәжірибе жүргізетін, тартылыс күші аз жағдайда тірі организмді өсіретін луноход бар. Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай осы миссия арқылы өзінің ғарыштық бағдарламасын дамытуда үлкен қадам жасап отыр. Айта кетсек, Айдың көлеңкелі жағы бұрын ешқашан Жерден байқалмаған. Ал, осыған дейін ұшырылған аппарат арғы бетін көргенімен, оған қонбаған екен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу