Ресей президенті Владимир Путин келесі жылы ультрадыбыстық ядролық зымыран полкінің құрылатынын мәлімдеді. Осылайша, Кремль өз елінің стратегиялық қарудың жаңа түріне ие болғанын аңғартып отыр.
Бұл ракета «Авангард» деп аталады. Ресей әскерилерінің сөзінше, ол Америка Құрама Штаттарының зымырандық қалқанын оп-оңай айналып өтіп, әлемнің кез-келген нүктесінде орналасқан нысанды жоюға қабілетті.
Гипердыбыстық ракета елдің оңтүстік-батысынан ұшырылып, Қиыр Шығыста көздеген жеріне дәл тиген. Бұл сынақты Путин Мәскеудегі қорғаныс министрлігінің ғимаратынан бақылады.
Путин Ресей армиясында жаңа қару түрлерінің пайда болғанын биыл наурызда мәлімдеген еді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.