Оңтүстік және Солтүстік Корея теміржол қатынасын жалғастыру жобасын таныстырды
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея өздерінің теміржолдары мен автомобиль магистральдарын байланыстырмақ. Осы жобаларға арналған рәсім бүгін екі ел шекарасындағы Панмун станциясында өтті. Оған Оңтүстіктен 100-адамдық делегация арнайы пойызбен жетті. Салтанаты шараға Пхеньян да 100 шақты өкіл жіберген. Дегенмен, Солтүстік Корея халықаралық санкциядан босатылмаса, тараптар құрылысты бастай алмайды. Өйткені, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ-тың эмбаргосына сәйкес, бұл мемлекетке материал сатуға, инвестиция салуға болмайды.
Айта кетсек, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы жолдар 1950-1953 жылдары болған Корей соғысы кезінде үзілді. Оларды қайта жалғауға Пхеньян мен Сеул биыл қазан айында уағдаласқан.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы