Ливанның Бекаа жазығында тұрып жатқан сириялық босқындарды қыс қиындыққа душар етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанның Бекаа жазығында тұрып жатқан сириялық босқындарды қыс қиындыққа душар етті

26.12.2018

Ливанның Бекаа жазығында тұрып жатқан сириялық босқындар қыстың ызғарын барынша сезініп жатыр. Суыққа жауын-шашынның қосылуы оларды әбден тоңдырған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мигранттарға жылы киім, көрпе, пеш және отын жетіспейді. Кейбіреулер қазанға от жағуға мәжбүр. Алайда, бұл жылу бермейді әрі одан шыққан көк түтіннен демалу мүмкін емес. Сонымен қатар, лагерьге Сириядан босқындар әлі ағылып жатыр. Оларда жауынды мезгілдің аяқталуын күтуден басқа амал қалмаған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу