Пәкістанда арқанжолда қалып қойғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда арқанжолда қалып қойғандар құтқарылды

23.08.2023

Пәкістанның солтүстік-батысында арқанжол бойында тоқтап қалған кабинадан жеті бала мен бір ер адам құтқарылды. Олар мектепке бара жатқан. Кабельді вагонның бір арқаны үзіліп, кабинадағылар 247 метр биіктікте тұрып қалған. Бір тросқа ілінген ашық машинада төрт сағаттай отырды.

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Аллай жазығында болды. Теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасқан бұл таулы ауданның көп бөлігінде жол жоқ. Сондықтан жергілікті тұрғындар бір ауылдан екіншісіне жету үшін осындай арқанжолдарды пайдаланады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу