Иордания Сириядан келген 1,5 миллионға жуық босқындарды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания Сириядан келген 1,5 миллионға жуық босқындарды қабылдады

12.11.2015
Иордания Сириядан келген 1,5 миллионға жуық босқындарды қабылдады

Бұл туралы Euronews телеарнасына берген сұхбатында Иордания королі II Абдалла мәлім етті.

«Біз босқындар саны бойынша мүмкіндігімізді ең соңғы шегіне дейін жеткіздік. Біз шамамен 1 млн 400 мыңға жуық сириялық босқындарды қабылдадық. Бұл ел тұрғындарының 20 пайызы. Біз бұдан артық адам қабылдай аламыз деп ойламаймын», - деді король.

II Абдалланың сөзінше, босқындардың тек 10 пайызы ғана арнайы лагерьлерде өмір сүріп жатыр. Қалғандары Иорданияның түкпір-түкпіріне шашырап кеткен. Бұл өз кезегінде елдің инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіріп отыр.

Бұған дейін хабарланғанындай, австриялық билік өкілдері Сирия мен осы өңірдің өзге де мемлекеттерінен 445 мың босқынды қабылдағандықтарын мәлімдеген. Бұл мәліметтерді осы елдің ішкі істер органдары келтірді.  

  

 

Хабарламаларға жазылу