Украинада зейнеткерлер қиындыққа душар болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада зейнеткерлер қиындыққа душар болды

29.03.2018

Украинада үкіметтің бақылауынан тыс аудандарда тұратын 1,3 млн. зейнеткер зейнетақыларын алуда қиындықтарға душар болып отыр. Өйткені, сепаратистер басып алған елді мекендерде мемлекеттік институттар, банктер, әлеуметтік қызмет көрсету орындары және зейнетақы беретін кеңселер жұмыс істемейді.

Қариялар ай сайынғы жалғыз ғана табысын алу үшін бастарын қауіпке тігуге мәжбүр. Бұған онсыз да жүріп-тұруы қиындап кеткен жандардың ұзын-сонар кезекте тұруын қосыңыз.

Зейнетақы тарататын жерге бару үшін олар жолдағы атыстан, миналардан және талай бақылау пункттерінен өтулері керек. Сонымен қатар, қарттар үкіметтің қарамағындағы территорияға кіргеннен кейін де ішкі қоныс аударушылар ретінде тіркелуге міндетті.

Донбасста Украина армиясы пен ресейшіл сепаратистер арасындағы соғыс 4 жыл бұрын басталды. Қарулы жанжалды біржолата тоқтатуға Минск келісімі дәрменсіз болып отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу