Британияда сириялық босқындар жөніндегі министр тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британияда сириялық босқындар жөніндегі министр тағайындалды

14.09.2015
Британияда сириялық босқындар жөніндегі министр тағайындалды

Ұлыбриятанияның билігі осы елге келуі тиіс сириялық босқындармен жұмыс істейтін арнайы министрлік ашты. Ел үкіметінің хабарлауынша, аталған жоғары лауазымға Ричард Харингтон тағайындалған.  

Шенеунік Ұлыбританияға келетін 20 мың сириялық босқындарды орналастырумен байланысты жұмыстарды және Үкімет тарапынан көрсетілетін көмектерді үйлестірумен айналысады, деп хабарлайды korrespondent.net.

Осыған дейін Премьер Дэвид Кэмерон Британияның алдағы 5 жылда 20 мыңға жуық сириялқтарды қабылдайтындығын айтқан болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Еуроодаққа мүше елдердің министрлері өңірдегі көші-қон дағдараысын реттеу бойынша бүгін жедел отырыс өткізеді.

 

Хабарламаларға жазылу